«Теміржолсу-Алматы» ЖШС 1 учаске бастығы

307 808 - 327 318 KZT
ТОО "Теміржолсу-Алматы" Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 2 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
4

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Технологиялық процестердің қатаң сақталуын, сумен жабдықтау учаскесінде еңбекті ғылыми ұйымдастыруды және шикізатты, материалдарды ұтымды жұмсауды қамтамасыз етеді;
  • қызметкерлердің өндірістік және еңбек тәртібін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария жөніндегі ережелер мен нормаларды сақтауын бақылайды;
  • оның қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын үйлестіреді;
  • қарамағындағы қызметкерлермен тәрбие жұмысын жүргізеді, жоғары еңбек тәртібін қолдайды;
  • автомобильдер мен тракторлар үшін ЖЖМ және қосалқы бөлшектермен жабдықтауды қамтамасыз етеді;
  • жүргізушілер үшін үздіксіз жұмысты ұйымдастырады, көліктің техникалық жай-күйін бақылайды;
  • еңбек ұжымында өзара көмек жағдайын қамтамасыз етеді қызметкерлерде тапсырылған іс үшін жоғары жауапкершілік сезімін дамытады, олардың кәсіби шеберлігін, мәдени-техникалық деңгейін арттыруға және тұрмыстық жағдайларды жақсартуға қамқорлық көрсетеді;
  • еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша өндірістік Нұсқама және нұсқама жүргізеді;
  • қызметкерлермен техникалық сабақтар өткізеді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: орта (техникалық және кәсіптік)
  • Мамандығы: Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстары; Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдету және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану (түрлері бойынша); құрылыс (темір жол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс; машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы; Көлік, көлік техникасы және технологиясы; су ресурстары және суды пайдалану
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, тиісті хабарлама күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.