«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Шоқпар жол дистанциясының №12 сызықтық учаскенің жол шебері

от 215 747 KZT
Шокпарская дистанция пути Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 1 года Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
2

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Белгіленген нормативтік құжаттарға сәйкес жолдың жоғарғы құрылысын, бағыттамалық бұрмаларды, жер төсемін, жасанды құрылыстар мен жұмыс учаскелерін уақтылы және сапалы тексеруді қамтамасыз ету
  • Жұмыстың жоғары сапасы кезінде жолдың жоғарғы құрылысын, бағыттамалы бұрманы, жер төсемін, жасанды құрылыстарды және басқа да негізгі құралдарды ағымдағы күтіп ұстау және жөндеу бойынша жоспарлы тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындауды қамтамасыз ету
  • Жөнделген учаскелер мен объектілерді уақтылы пайдалануға беру, еңбек өнімділігін арттыру
  • Жол машиналарын, механизмдерді, жабдықтарды олардың техникалық мүмкіндіктерін барынша пайдалану негізінде жұмыстардың еңбек сыйымдылығын төмендету
  • Жұмыстарды жүргізу, еңбекті ғылыми ұйымдастыруды енгізу қағидалары мен технологиясын сақтау және материалдарды, отынды, энергияны ұтымды жұмсауды қамтамасыз ету
  • Машиналарды, механизмдер мен жабдықтарды, материалдарды, отынды, энергияны, жалақы қорын пайдалану бойынша бригадаларға (жол монтерлері тікелей учаскелік әдіс кезінде) жоспарлы көрсеткіштерді, өндірістік тапсырмаларды уақтылы жеткізу және орындау: еңбектің түпкілікті нәтижелерін бағалау

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары / орта (техникалық және кәсіптік) / белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық 
  • Мамандығы: теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Көпірлер мен көлік тоннельдері; Көлік құрылысы
  • Жұмыс тәжірибесі: жоғары білім болған жағдайда - мамандық бойынша кемінде 1 жыл / орта (техникалық және кәсіптік) болған кезде - мамандық бойынша кемінде 3 жыл / белгіленген бағдарлама бойынша орта немесе арнайы дайындық кезінде – кемінде 4 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, тиісті хабарлама күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.