Мультимодальды тасымалдар департаментінің авиациялық тасымалдарды дамыту жөніндегі функционалдық бағытының бас менеджері (18 грейд)

Зарплата не указана
АО «НК «Қазақстан темір жолы» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 4 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
17

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  • Авиациялық тасымалдарды дамытудың функционалдық бағыты бөлігінде мультимодальды тасымалдарды ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды қалыптастыруға қатысады;
  • әуе көлігімен жүк тасымалдауды жоспарлау және ұйымдастыру және жеткізу тізбегін басқару жөніндегі жұмысты (ЕҰ-мен бірлесіп) жүзеге асырады;
  • "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ-мен, мемлекеттік органдармен, авиакомпаниялармен, әуежайлармен, авиациялық, көліктік, логистикалық компаниялармен және басқа да елдермен авиациялық тасымалдарды дамытудың функционалдық бағыты бөлігінде мультимодальды тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
  • авиациялық тасымалдарды дамытудың функционалдық бағыты бөлігінде мультимодальды тасымалдаулар бойынша қызметтер көрсету жөніндегі жұмысқа (ЕҰ-мен бірлесіп) қатысады;
  • авиациялық тасымалдарды дамытудың функционалдық бағыты бөлігінде мультимодальды тасымалдаулар бойынша жаңа өнімдер мен қызметтерді қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларды орындайды;
  • авиациялық тасымалдарды дамытудың функционалдық бағыты бөлігінде мультимодальды тасымалдардың көлеміне маркетингтік бағалау жүргізеді; 
  • авиациялық тасымалдарды дамытудың функционалдық бағыты бөлігінде мультимодальды тасымалдардың тарифтік шарттарына талдау жүргізеді;
  • авиациялық тасымалдарды дамытудың функционалдық бағыты бөлігінде мультимодальды тасымалдарды ұлғайту жөнінде қажетті жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар әзірлейді және іске асырады;
  • авиациялық тасымалдарды дамытудың функционалдық бағыты бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасына және Компанияның корпоративтік рәсімдеріне түзетулер әзірлейді және енгізеді;
  • департамент құзыреті шегінде қазақстандық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылға және ынтымақтастыққа қатысады;
  • департамент құзыреті шеңберінде компанияның жергілікті актілерін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын және халықаралық шарттарды қарауға қатысады;
  • жүк авиатасымалдарын дамыту бағыты бойынша анықтамалық және презентациялық материалдар әзірлейді.

Біліктілік талаптардың сипаттамасы:

  • Білімі: тиісті қызмет бейіні бойынша жоғары кәсіби.
  • Тиісті лауазым бейіні бойынша магистр дәрежесінің немесе кандидаттың, ғылым докторының ғылыми дәрежесінің болуы / МВА / басқа (қалаулы);
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары; логистика; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; менеджмент; маркетинг; халықаралық қатынастар; құқықтану; халықаралық құқық; Автоматтандыру және басқару және / немесе теміржол мамандықтары;
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл жұмыс, оның ішінде әуе көлігімен жүк тасымалдауды жоспарлау және ұйымдастыру тәжірибесі және қызмет бейіні бойынша басқару жүйелерін құру процесіне қатысу стратегиясын/саясатын әзірлеу/іске асыру тәжірибесі.

Қосымша талаптар: қаржылық модельдеу дағдылары, сапалы менеджмент жүйесінің құралдарын меңгеру, тәуекелдерді басқару, Жобаларды басқару дағдылары мен тәжірибесі, презентациялық материалдарды дайындау дағдылары (PowerPoint), ағылшын тілін білу.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, тиісті хабарлама күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.