Павлодар станциясының (босатылған) бригадирі

298 474 - 308 654 KZT
Нод-3 (Павлодарское отделение ГП) Павлодар облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 3 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
3

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Коммерциялық қауіпсіздік пунктіндегі вагондар мен поездарды Коммерциялық тексеру ережесінің талаптарына, Акт-шағым жөніндегі жұмыстар бойынша нұсқаулыққа сәйкес, коммерциялық ақаулықтар анықталған сәттен бастап,  24 сағат ішінде  қарастырылған мекенжайларға жедел хабарлама беру;
  • Павлодар станциясының Комерциялық қауіпсіздік пункті КҚП (ПКБ) жұмысының Технологиялық процессі талаптарына сәйкес коммерциялық қауіпсіздік пунктінің жұмысын бақылау;
  • «Б» паркінің поезд қабылдаушыларының поездар мен вагондарды коммерциялық байқаудың  автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі АЖ ПВКБ –АСКО ПВ) және «Б» мен «Г» парктерінің поезд қабылдаушыларының Қозғалыстағы вагондардың жүктері мен тұтастығын бақылаудың автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі ҚВЖТ АЖ) АСК ГЦВ) бағдарламалары бойынша поездарды коммерциялық тұрғыдан уақытында қарауын бақылау;
  • АСКО ПВ, АСК ГЦВ жүйелері ақау болған жағдайда, поездарды қабылдаушылар вагондарды коммерциялық тексеруді Павлодар станция жұмысының технологиялық процессіне сәйкес жүргізу;
  • Поездар мен вагондарды коммерциялық тексеру жөніндегі операциялардың уақытында орындалуын, тексеру нәтижелерінің құжаттамалық ресімделуін бақылау;
  • Кемінде 2 поезды бақылап-тексеруді жүргізу, сондай-ақ тасымалданатын габаритті емес және ауыр салмақты жүктерді тексеруге қатысу (ай сайын);
  • Поездарды қабылдаушылардың жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу және оны инженер-нормалаушыға тапсыру.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, тиісті хабарлама күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.