«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Семей магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Құмыстау жол дистанциясының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері

от 385 970 KZT
Кумистауская дистанция пути Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 5 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
2

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Еңбекті қорғауға арналған қаражатты игеру туралы есептерді, еңбекті қорғау жай-күйін талдауды, еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша есептілікті жасау. 
  • Еңбекті қорғау жөніндегі жоспарлы, мақсатты тексерулерге, көктемгі және күзгі комиссиялық тексерулерге қатысу.
  • Өңірлік еңбекті қорғау басқармаларымен, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік бақылау органдарымен жедел байланысты жүзеге асыру.
  • Жұмыста анықталған қауіпсіздік ережелері мен нормаларын бұзушылықтарды жоюға жауапты адамдарға және басқа да лауазымды тұлғаларға бақылауды жүзеге асыру және ұйғарымдар беру.
  • Жұмыс орындарында қауіпсіздік талаптарын белгілейтін жоспарлардың, ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
  • Өндірістік қауіпсіздік саласындағы кәсіпорынның жаңа нұсқаулықтары мен жергілікті актілерін әзірлеу және қайта қарау .

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.