ТЧЭ-28 өндірістік-техникалық бөлімінің 2 санатты инженер-бағдарламашысы "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС - "БП Алматы бөлімшесі"филиалының Алматы пайдалану локомотив депосы

301 990 - 316 410 KZT
ТЧЭ-28 Алматинское эксплуатационное локомотивное депо Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 5 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
5

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:

  • ғылыми, қолданбалы экономикалық және басқа да есептерді шешудің математикалық модельдері мен алгоритмдерін талдау негізінде алгоритмді орындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін бағдарламалар әзірлейді, сәйкесінше есептерді есептеу техникасы арқылы шешу, оларды жөндеу және тестілеу жүргізеді;
  • ақпаратты өңдеудің барлық кезеңдері бойынша мәселені шешу технологиясын әзірлейді;
  • алгоритмдер мен деректер құрылымдарын сипаттау үшін бағдарламалау тілін таңдауды жүзеге асырады;
  • есептеу техникасы құралдарымен өңделетін ақпаратты, оның көлемін, құрылымын, енгізу, өңдеу, сақтау және шығару макеттері мен схемаларын, оны бақылау әдістерін айқындайды;
  • бағдарламаларды жөндеуге дайындау бойынша жұмысты орындайды және жөндеуді жүргізеді;
  • бағдарламалардың функционалдық мақсатына сәйкестігін барынша толық тексеруді қамтамасыз ететін бақылау мысалдары деректерінің көлемі мен мазмұнын айқындайды;
  • қойылған міндеттердің шарттарымен айқындалатын жолға қойылған бағдарламаларды іске қосуды және бастапқы деректерді енгізуді жүзеге асырады;
  • нәтижелерді талдау негізінде әзірленген бағдарламаны тестілеуді және түзетуді жүргізеді;
  • бағдарламалармен жұмыс жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді, қажетті техникалық құжаттаманы ресімдейді;
  • жұмыста жаңа компьютерлік технологияларды меңгереді және қолданады;
  • дайын бағдарламалық өнімдерді пайдалану мүмкіндігін анықтайды;
  • енгізілген бағдарламалар мен бағдарламалық құралдарды сүйемелдеуді жүзеге асырады;
  • бағдарламалардың дұрыстығын автоматты тексеру жүйелерін, типтік және стандартты бағдарламалық құралдарды әзірлейді және енгізеді, ақпаратты өңдеу технологиясын жасайды;
  • есептеу процестерін біріздендіру және теру бойынша жұмысты орындайды;
  • стандартты бағдарламалардың каталогтары мен картотекаларын жасауға, машинамен өңдеуге жататын құжаттардың нысандарын әзірлеуге, есептеу техникасын қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды жобалауға қатысады.
  • КЛУБ-У үшін электрондық карталарды жаңартады.
  • Локомотивтен РПЛ жазбаларын алу және нұсқаулыққа сәйкес сақтау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: Жоғары.
  • Мамандығы: Ақпараттық технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету.
  • Мамандық бойынша немесе белгілі бір лауазымда жұмыс тәжірибесі: мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, не 1-санатты инженер лауазымында кемінде 3 жыл.
  • Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерін және ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметін регламенттейтін актілерді білу.
  • Қосымша талаптар: 3 жылда 1 рет аттестаттаудан өту.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, тиісті хабарлама күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.