"ҚТЖ" ҰК" АҚ "Павлодар магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Павлодар электрмен жабдықтау дистанциясы Қалқаман түйіспелік желі ауданы түйіспелік желінің электромонтері
Лауазымдық міндеттер:
- құрылғыларды қарап тексеріп аралау, жүріп өтіп аралау және жылдық жоспарға сәйкес түйіспелік желі, ДПР, КТП-ДПР желілері құрылғыларын ағымдағы күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстарға тікелей қатысады;
- түйіспелік желі жабдықтарын монтаждау және бөлшектеу;
- түйіспелік желіні реттеу және түйіспелік желінің жай-күйін техникалық қадағалау;
- түйіспелік желінің ажыратқыштарын ауыстырып қосу;
- құрама тіректерді, иілгіш көлденең жақтауларды, ригельдерді, консольдерді, кронштейндерді, орнықтырғыштарды, дистанциялық басқарудың секциялық ажыратқыштарын орнату және ауыстыру;
- дистанциялық басқару аппаратурасын орнату және монтаждау;
- түйіспелік желінің тіректеріне және жеке тұрған тіректерге ілінген жоғары вольтты автоблоктау желілерін, толқын өткізгіштерді күтіп ұстау және жөндеу;
- технологиямен және Қауіпсіздік техникасы ережелерімен белгіленген нарядқа, энергодиспетчердің бұйрығына сәйкес жұмысқа жеке қатысу;
- анықталған ақауларды тіркеу және оларды жоюды ұйымдастыру;
- түйіспелік желі мен электрберілі желілері құрылғыларының ақаулығының алдын алатын іс-шараларды жүзеге асыру;
- қорғау және монтаждау құралдарын, көмекші құралдар мен құрал-саймандарды күнделікті қарап тексеру, оларды уақытылы толықтыру және ақауларды алып тастау;
Біліктілік талаптары:
Білімі: орта, арнайы дайындық мамандық бойынша- Тәжірибесі: без предъявления требований к стажу
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, тиісті хабарлама күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.