"ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы - "Алматы магистральдық желі бөлімшесі"азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің жетекші инженері
Лауазымдық міндеттер:
АҚ бойынша оқу-жаттығуларды, эвакуациялық іс-шараларды дайындау және өткізу мәселелері бойынша ҚР ТЖМ аумақтық органының бөлімшелерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ЖТҚ және ұйымдардың эвакуацияланатын қызметкерлерін тасымалдау мәселесін эвакуациялық комиссиялармен келісу; азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және түзету;
ТЖ жою жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу және түзету;
эвакуация және тарату жоспарын әзірлеу және түзету;
азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нормативтік құқықтық құжаттарды әзірлеу (эвакуациялық комиссияны ұйымдастыру туралы бұйрық, іс-шаралар жоспары, эвакокомиссия мүшелерінің функционалдық міндеттерін әзірлеу, азаматтық қорғаныс штабын ұйымдастыру туралы бұйрық және т. б.);
компанияны азаматтық қорғау құралымдарын жасақтауды, жарақтандыруды және әзірлікте ұстауды ұйымдастыру; есепке алуды, сақтауды, есептен шығаруды және уақтылы жаңартуды бақылау
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялар; логистика (салалар бойынша); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Автоматтандыру және басқару; экономика; менеджмент; Мемлекеттік және жергілікті басқару; құқықтану; халықаралық құқық; Құқық қорғау қызметі; Ақпараттық жүйелер; Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету және / немесе теміржол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: азаматтық қорғауға байланысты лауазымда кемінде 1 жыл;
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, тиісті хабарлама күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.