"ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы - "магистральдық желінің Ақмола бөлімшесі" Астана электрмен жабдықтау дистанциясы ст. 2 тобының тартқыш қосалқы станциясының бастығы
Лауазымдық міндеттер:
- тартқыш қосалқы станция бойынша электр шаруашылығына жауапты болып табылады;
- тартқыш қосалқы станция құрылғыларын ағымдағы күтіп ұстау мен жөндеуді уақтылы жүргізуді жоспарлау және ұйымдастыру;
- тартқыш қосалқы станциялардың құрылғыларын күшейту және реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; қауіпсіздік техникасы және белгіленген технология қағидалары бойынша қызмет көрсетуші персоналдың нарядтарын, жұмыстарды жүргізуге өкімдерін және нұсқамаларын ресімдеу;
- қосалқы станцияның жабдықтарын жөндеу, сынау және баптау және қорғау жөніндегі жұмыстардың уақтылы орындалуын және сапасын бақылау;
- қажетті материалдармен, бөлшектермен, авариялық қор нормаларына сәйкес жинақталуын қамтамасыз ету; персоналды нормаларға сәйкес арнайы киіммен қамтамасыз ету;
- ДГА-ның тұрақты дайындығын қамтамасыз етуді және оны тиісті жағдайда ұстауды бақылау;
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)/ орта техникалық, орта кәсіптік
- Мамандығы: Теміржол көлігіндегі Электр энергетикасы; Электр энергетикасы; темір жолдардың электр техникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу; Электр станциясының, қосалқы станцияның және желілердің электр жабдықтары, салалар бойынша электр және электромеханикалық жабдықтар; электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу
- Жұмыс тәжірибесі: электромеханик лауазымында кемінде 1 жыл / электромеханик лауазымында кемінде 2 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, тиісті хабарлама күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.