"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "Қарағанды ЖТ бөлімшесі" филиалы (кластан тыс) Жаңаауыл станциясының парк кезекшісі (НОД-4)
Лауазымдық міндеттер:
- Тежегіш табандардың болуын, олардың жарамдылығын тексеру, кейіннен тежегіш табандарды нөмірлік есепке алу журналында тиісті жазбаларды ресімдеу
- Учаскеде қолданылып жүрген барлық ескертулерді ескерту бланкісіне станция бойынша кезекшінің нұсқауы бойынша ДУ-61 нысанын енгізу, ескерту түбіртегіне кейіннен жазып, поезд машинистеріне ескерту нысанын тапсыру
- Станция бойынша кезекшінің нұсқауы бойынша СЦБ құрылғылары ақаулы болған кезде локомотив машинистеріне аралықта тұруға рұқсат алу үшін ДУ-54, ДУ-56, ДУ-50, ДУ-64 нысанды бланкілерін беру
- Құрылғылардың қалыпты әрекеті бұзылған жағдайда станция бойынша кезекшінің өкімі бойынша бағыттамаларды курбельмен ауыстыру, аспалы құлыпқа бекіту, поездарды қабылдау-жөнелту маршруттарын дайындаудың дұрыстығын, жолдардың, бағыттамалардың немесе оқшауланған учаскелердің еркіндігін тексеру
- Нұсқау бойынша вагондарды тежегіш табандармен бекіту (оның ішінде жел жылдамдығы күшейген кезде қосымша) және қабылдау-жөнелту жолдарындағы, сұрыптау паркі жолдарындағы вагондардың тежегіш башмақтарын жинау, станция техникалық – реттеу актісінің талаптарына сәйкес станция бойынша кезекшіге баяндау және ДУ-67 журналына жазу.
Біліктілік талаптары:
- Білімі жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі), орта (техникалық және кәсіби)
- Мамандығы: Тасымалдауды және басқаруды ұйымдастыру, көлік пайдалану (теміржол көлігі); Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
- Жұмыс тәжірибесі: жоғары біліммен поездарды құрастырушы, вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуші, бағыттау бекетінің кезекшісі, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор, сигнал беруші, станция бойынша кезекші жанындағы оператор, орталықтандыру бекетінің операторы, сұрыптау дөңесінің операторы лауазымдарында кемінде 1 жыл еңбек өтілі; орта (техникалық және кәсіптік) біліммен поездарды құрастырушы, вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуші, бағыттама бекетінің кезекшісі, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор, сигнал беруші, станция бойынша кезекші жанындағы оператор, орталықтандыру бекетінің операторы, сұрыптау дөңесінің операторы лауазымдарында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс
Қосымша талаптар:
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оған еншілес ұйымдар мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіпорындағы өндірістік – шаруашылық қызметті реттейтін нормативтік – құқықтық және жергілікті актілерін білуі тиіс.
- Жұмыс орны: «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалы, Жаңаауыл станциясы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, тиісті хабарлама күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.