"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "Қарағанды ЖТ бөлімшесі" филиалы (кластан тыс) Жаңаауыл станциясының тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі операторы (НОД-4)
Лауазымдық міндеттер:
- Ауысымды тапсыратын тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператордың алдағы жұмыс жоспарымен, жол ережесіне сәйкес станция жолдарында жылжымалы құрамның болуымен және орналасуымен, жұмыстарға қатысты нұсқаулармен, құжаттармен, ақпаратпен танысу
- Локомотив бригадасынан тасымалдау құжаттары бар пакеттерді қабылдауды жүзеге асыру (станцияда бар қабылдау бункерлерінен), құжаттарды қабылдау журналына тіркеу, тасымалдау құжаттарының толықтығын және олардың сәйкестігін тексеру
- Құжаттардың болуын және кітаптағы жазбасы бар заттай парақтың барлық бағандарының дұрыс толтырылуын тексеру әскерилендірілген күзет қызметкерлерінің ілесіп жүруіне және күзетуіне жататын номенклатуралық жүктерді «жүкті күзетке тапсыру» кітабына жазу және әскерилендірілген күзет қызметкерлеріне қол қою арқылы тапсыру
Біліктілік талаптары:
- Білімі орта (техникалық және кәсіби)
- Мамандығы: Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
- Еңбек өтіліне талап қойылмайды
Қосымша талаптар:
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оған еншілес ұйымдар мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіпорындағы өндірістік – шаруашылық қызметті реттейтін нормативтік – құқықтық және жергілікті актілерін білуі тиіс.
- Жұмыс орны: «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалы, Жаңаауыл станциясы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, тиісті хабарлама күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.