«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Қарағанды бөлімшесі» филиалының логистика және жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру бөлімінің жетекші инженері

385 970 - 399 543 KZT
Нод-4 (Карагандинское отделение ГП) Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Не менее 3 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
11

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Бекітілген жүктерді тиеу жоспарының орындалуы бойынша Филиал станцияларынан жүк операциялары туралы мәліметтерді жинайды;
  • номенклатуралық жүктерді тиеу бойынша техникалық жоспардың орындалуының есебін жүргізед;
  • жолдар мен тағайындалған станциялар бойынша жүктерді тиеу жоспарының орындалуының есебін жүргізеді;
  • вагонға статикалық тиеу жоспарының орындалуының есебін жүргізеді;
  • клиенттердің кінәсінен жүкті тиеудің техникалық жоспары орындалмаған жағдайда жүк жөнелтушілерге сұраныстар дайындайды.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі) 
  • Мамандығы:  Көлікте (теміржол көлігі) тасымалдау, қозғалысты басқаруды және пайдалануды ұйымдастыру; Теміржол көлігінде жүк тасымалдау және коммерциялық жұмыс;  Теміржол көлігінде көлік логистикасы
  • Жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес, тиісті бөлім инженері және тауар кассирі/жүк және багажды қабылдап тапсырушы лауазымдарында 1 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс

Қосымша талаптар:

  • Жұмыс орны: «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалы, Қарағанды - Сұрыптау станциясы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, тиісті хабарлама күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.