Жол машиналарының машинисі Транспортный блок Казалинская дистанция пути Кызылординское отделение магистральной сети Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Дирекция магистральной сети»

313 744 - 330 709 KZT
Казалинская дистанция пути Қазалы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Без опыта Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
0

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1. ТПЭ, ИСИ, ИДП, ЦП-485/209 ережелерінің, еңбек қауіпсіздігі және өндірістік санитария ережелерінің, станцияның ТЖА талаптарын және қызмет көрсету аймағында жұмыс істейтін нормативтік құжаттардың талаптарын білу және орындау.
2. Жұмысқа жұмыс кестесіне сәйкес немесе көлік құралын иеленуші кәсіпорынның кезекшісінің шақыруы бойынша келу; егер белгіленген уақытта жұмысқа келе алмаса, бұл туралы дереу кәсіпорынның кезекшісіне хабарлау.
3. Белгіленген тәртіппен рейске дейінгі медициналық тексеруден өту, маршрут парағында медициналық қызметкердің қолы мен тексеру күні мен уақытын көрсетіп мөр басу, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігі және еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық алу.
4. Егер медициналық тексеру болмаса немесе құрылыстар мен құрылғылардың зақымдануын жою үшін шыққанда, машинист пен оның көмекшісінің жұмысқа қабілеттілігін станция кезекшісі қадағалайды, маршрут парағында мөр мен қолтаңба қойылады.
5. Жолға шықпас бұрын машинист міндетті түрде тексеруі керек:
6. Машина мен тіркемелі бірліктердің жұмыс жағдайын, тежегіштердің жұмысын, қозғалтқыштың, жүріс бөліктерінің, рессорлы аспаның, тежегіш жүйесінің жай-күйін, вагондармен немесе тіркемелермен дұрыс қосылуын, жүктерді тиеу және бекіту дұрыстығын, көліктің жұмыс органдарының тасымалдау жағдайындағы орналасуын, жылжымалы құрам мен жүктің габаритін қамтамасыз етуді;
7. Поез дабылын және дабылдық жабдықтарды, қосалқы бөлшектер мен құралдарды, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек және таңғыш құралдар жинағын, радиобайланыстың жұмыс істейтінін тексеру керек.
8. Машина жүргізу және маневрлік жұмыс орындау кезінде машинист және машинист көмекшісі міндетті:
9. Жүру кестесін және қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын орындауды қамтамасыз ете отырып, машинаны тіркеменің жүктемесін асырып жүргізуге, сондай-ақ машинаның түйіндері мен агрегаттарының артық жүктелуіне жол бермеуі қажет.
10. Диспетчерлердің, станция бастығының және басқа да лауазымды тұлғалардың бұйрықтарын, жедел нұсқауларын орындау.
11. Сигналды қызыл шаммен жүріп келе жатқанда басқару кабинасынан шықпау, ерекше сақтық көрсету.
12. Отын-энергетикалық ресурстарды үнемді пайдалану. 
13. Қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін барлық ақауларды борттық журналға жазып, кәсіпорынның кезекші қызметкеріне хабарлау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: орта немесе кәсіби
  • Саладағы мамандығы: Көліктік жол-құрылыс машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану көтеру. Теміржолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету.
  • Жұмыс тәжірибесі: нұақаушымен және машинистпен бірге жүргізгеннен кейін