«ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС - «ЖТ Семей бөлімшесі» филиалының Семей пайдалану локомотив депосы жүк қозғалысы тепловозы машинисінің көмекшісі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- ТЖҚ тораптары мен агрегаттарына күтім жасауға қатысты машинистің нұсқауларын уақтылы және дәл орындау, қызмет көрсететін және қарсы келетін пойыздардың күйін бақылау, электр қуаты мен дизельдік отын шығынын қадағалау. Сөйлесу регламентін сақтау. Қажетті кезде ЖТҚ пойызды өздігінен жүріп кетпеуі үшін бекіту;
- Бағдаршамның жабық көрсеткішінен өткенде машинистің жұмыс орнының жанында тұрып, (шолу аясы тар капот типтес шанақты локомотивтерді есептемегенде, олардың серия тізбегі ҚТЖ АҚ –да жасалады) сигналдың көрсеткішін, машинист контроллерінің немесе тартымды басқару органдарының қалпын , тежегіш және қоректік магистральдардағы қысым шамасын машинистке баяндау. Жабық сигналдың алдында машинистің тарапынан жылдамдық азайту және тоқтату әрекеті болмаған жағдайда жабық сигналдың алдында жабық бағдаршамнан өтіп кетуге жол бермей, пойызды тоқтатудың барлық шараларын өзі жасауы керек.
- Машинист кенетен басқару қабелтінен айрылған жағдайда , пойызды шұғыл тежеумен тоқтатып, өздігінен жүріп кетпеуі үшін тиісті тәртіппен бекітіп, бұл туралы аралықты шектейтін ДНЦ, ДСП-ға, осы телімдегі барлық пойыздырдың машинстеріне хабарлап, машинистке алғашқы көмек көрсетуі керек.
- ТПЕ және басқа да нормативтік құжаттардың талаптарын бұлжытпай орындау арқылы қозғалыс қауіпсіздігін және пойыздырдың жүріс кестесінің сақталуын қамтамасыз ету.
- Білімі: орта (техникалық және кәсіптік) және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық;
- Мамандығы: Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша), Көлік, көліктік техника және технологиялар (локомотивтер және локомотив шаруашылығы); Тепловоз машинисінің көмекшісі;
- Жұмыс тәжірибесі: өтіліне талап қойылмайды.