"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "магистральдық желінің Павлодар бөлімшесі"филиалының өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі секторының бастығы
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды, үйлестіруді және жоспарлауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу
- Филиал қызметкерлеріне еңбек қауіпсіздігі бойынша кіріспе нұсқама жүргізу, кіріспе нұсқаманы тіркеу журналын жүргізу
- Қажет болған жағдайда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуге және қайта қарауға қатысуды ұйымдастыру
- Қазақстан Республикасының Еңбекті қорғау саласындағы заңнамасының орындалуын бақылау (еңбек қауіпсіздігін және санитарлық-тұрмыстық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, қызметкерлерге арнайы киім, арнайы аяқ киім, ЖҚҚ, сабын, сүт беру бөлігінде)
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау кабинеттерін қажетті оқу құралдарымен, макеттермен, анықтамалық әдебиеттермен, плакаттармен, техникалық құралдармен жарақтандыруға көмектесу
- Қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі кешенді жоспарды және табиғат қорғау іс-шараларын іске асыру бағдарламасын әзірлеуді, іс-шаралардың орындалуын мониторингтеуді ұйымдастыру
- Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкерлердің денсаулығының кенеттен нашарлауы мәселелері бойынша медициналық мекемелермен өзара іс-қимыл жасау, медициналық мекемелерге шағымдарды дайындау және жіберу жөніндегі жұмыстарды жүргізу
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану(теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Теміржол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.