"ҚТЖ "ҰК" АҚ-"Ақтөбе сигнализация және байланыс дистанциясы" филиалының Ақтөбе сигнализация және байланыс дистанциясының Ақтөбе станциясының желілік-аппараттық залына қызмет көрсету бригадасының 1 санатты техникалық құралдарды пайдалану жөніндегі инженері

387 531 - 404 938 KZT
Актобинская дистанция сигнализации и связи Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Без опыта Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
16

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Жұмыстарды жүргізу кезінде поездар қозғалысының қауіпсіздігін сақтау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау;
  • Бекітілген Электр байланыс құрылғыларына қызмет көрсету және ақауларды уақтылы жою;
  • Жедел және станциялық байланыстың цифрлық құрылғыларына қызмет көрсету барлық параметрлерді өлшеу;
  • Тізбе бойынша қызмет көрсетілетін құрылғылардың техникалық құжаттамасының болуы (паспорт, схемалар және т. б.); қолданыстағы электр байланыс құрылғыларының бекітілген техникалық құжаттамаға сәйкес келуін бақылау;
  • Аға электромеханикке қызмет көрсетілетін құрылғылардың сенімділігін арттыру, уақтылы жөндеу және ауыстыру жөнінде ұсыныстар беру;
  • Бекітілген электрбайланыс құрылғыларына қызмет көрсету өлшеу жүргізе білу және ақауларды уақтылы жою құралдарын пайдалану; 
  • Теориялық және іс жүзінде қызмет көрсетілетін құрылғыларды білуге, олардың жарамды жай-күйін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жұмыстарды жүргізу қағидаларын міндетті түрде орындау кезінде жоғары сапалы құрылғыларды жөндеу, монтаждау, өлшеу және реттеу іскерлігін білуге міндетті.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: орта (техникалық және кәсіптік);
  • Мамандығы: Теміржол көлігіндегі автоматтандыру және басқару; Теміржол көлігіндегі радиотехника, электроника және телекоммуникация; Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс;
  • Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне қойылатын талаптар жоқ.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, тиісті хабарлама күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.