"БП Алматы бөлімшесі" ЖШС филиалының Алтынкөл станциясының өндірісін қамтамасыз ету секторының бастығы

437 835 - 459 889 KZT
станция Алтынколь (ДС Алтынколь) Атамекен а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 5 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
8

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді баға ұсыныстары тәсілімен, бір көзден алу тәсілімен сатып алу туралы шарттардың орындалуын бақылау.
  • Бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету.
  • Баға ұсыныстары тәсілімен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттарды келісу және жасасу.
  • Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау.
  • Сектор қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерінің орындалуын бақылау.
  • Регламенттің 5-қосымшасына сәйкес ағымдағы жылдың сатып алу жоспарына тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің пункттерін өзгерту, алып тастау және қосу жөніндегі материалдарды дайындау.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті арттыру бойынша ұжымда қолайлы климат құруды қамтамасыз ету.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологялар ( вагондар6 локомативтер және электр жылжымалы құрам); Көлікті (темір жол көлігі) тасымалдауды, қозғалысын және пайдалануды ұйымдастыру; Электроника ( Радиотехника электроника және телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау; метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Темір жолдар,жол және жол құрылысы ); Көлік құрылысы: Машина жасау ( Технологиялық машиналар және жабдықтар) инженерлік жүйелер; Экология;Жылу энергетикасы.
  • Жұмыс өтілі : 5 жылдан кем емес , оның ішінде басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес