"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Ақтөбе вокзалының
Лауазымдық міндеттер:
1) Дыбыс күшейткіш байланыс жүйесін, қызмет көрсететін вокзалдың анықтама бюросындағы терминал жабдығын, бейне бақылау жүйесінің сервер бөлмесін күтіп ұстау мен қолдану мәселелерін кешенді шешуді қамтамасыз ету;
2) Жабдыққа, материалға, қосалқы бөлшектерге, құралға сұранымдар құру, жөндеу жұмыстарына техникалық құжаттама, ақаулық актілерін, жұымысы бойынша есептеме құру;
3) Вокзал басшылығының жазбаша рұқсаты немесе арнайы рұқсатнамасы бар, аумақта жылдамдық түзімін сақтап жүретін қызметтік автокөліктен, соның ішінде медициналық жедел жәрдем автокөлігінен басқа автокөліктің перронға кірмеуін бақылауды жүзеге асыру, автокөлікті және пойыздан түскен жолаушыларды өткізу үшін қақпаны уақытылы ашу және жабу, арнайы рұқсатнама бойынша қызметтік автокөліктің, соның ішінде жедел жәрдем автокөлігінің перронға өтуі үшін өзі еріп жүруді қамтамасыз ету;
4) Кезекшілікті/жұмыс ауысымын уақытында қабылдау және тапсыру, журналдарда тиісті жазбаның жазылуын қамтамасыз ету және нұсқамалық чатта вокзал басшылығына кезекшілікті/жұмыс ауысымын қабылдау/тапсыру туралы есепті уақытылы беріп отыру және т.б.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), орта (кәсіптік немесе техникалық)
- Мамандығы: Автоматтандыру және басқару; Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар; Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс;
- Жұмыс тәжірибесі: жұмыс өтіліне талап қойылмайды; білімі орта (кәсіптік немесе техникалық) болса: 2 жылдан кем емес
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, тиісті хабарлама күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.