"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "Қарағанды ЖТ бөлімшесі" филиалы (кластан тыс) Қарағанды-Сұрыптау станциясы орталықтандыру қосынының операторы (НОД-4)

229 763 - 241 640 KZT
Нод-4 (Карагандинское отделение ГП) Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 1 года Полная занятость, Сменный график
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
13

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Жұмыс орнының жай-күйін, жолдарда жылжымалы құрамның бұзылуын және дұрыс бекітілуін тексеру, жолдардағы, сөрелердегі тежегіш табандардың саны мен нөмірлерінің тежегіш табандарды есепке алу журналына сәйкестігі, қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың барысы мен қорытындыларын қарау, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету оның жай-күйін талдау, қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету, қозғалыс қауіпсіздігін бұзу жағдайларының қайталанбауын алдын алу бойынша профилактикалық жұмысты күшейту жөнінде шаралар қабылдау
  • Лауазымын көрсете отырып, станциялық жолдарда вагондарды бекітуге арналған тежегіш башмактар мен құрылғыларды нөмірлік есепке алу журналында кезекшілікті қабылдауды ресімдеу, техникалық құралдарды, жылжымалы құрамды пайдалану, күтіп ұстау, оларға қызмет көрсету мәселелері бойынша сақталуын, комиссиялық тексерулер жүргізу сапасын тексеру
  • Жөнелту, маневрлік жұмыс жүргізу алдында жылжымалы құрам вагондарының астынан тежегіш башмактарды алып қою, станция бойынша кезекшіге кейіннен алып қою туралы баяндау

Біліктілік талаптары:

  • Білімі жоғары, орта (техникалық және кәсіби)
  • Мамандығы: Көлікте (салалар бойынша) тасымалдау және қозғалысты басқаруды ұйымдастыру; Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру  және қозғалысты басқару
  • Жұмыс тәжірибесі: жоғары біліммен поездар құрастырушысы, вагондар қозғалысының жылдамдығын реттеуші, парк кезекшісі, бағыттама қосынының кезекшісі лауазымдарында 1 жылдан кем емес; орта (техникалық және кәсіби) біліммен поездар құрастырушысы, вагондар қозғалысының жылдамдығын реттеуші, парк кезекшісі, бағыттама қосынының кезекшісі лауазымдарында 2 жылдан кем емес болуы тиіс

Қосымша талаптар:

  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оған еншілес ұйымдар мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіпорындағы өндірістік – шаруашылық қызметті реттейтін нормативтік – құқықтық және жергілікті актілерін білуі тиіс.

  • Жұмыс орны: «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалы, Қарағанды-Сұрыптау станциясы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, тиісті хабарлама күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.