«Теміржолсу-Алматы» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімнің шебері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Бақылау "2ТП водхоз"есебіне сәйкес су өндіруді есепке алу журналын жүргізу;
- халықтың санитариялық эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісілген сумен жабдықтау көзінің авариялық ластануы жағдайына арналған іс шаралар жоспарын дайындау;
- өндіріс, сақтау, тасымалдау және өткізу процесінде тамақ өнімдерінің бактериологиялық және химиялық ластануының алдын алуға ағымдағы санитариялық қадағалау жүргізу;
- учаскелерде дератизация, дезинфекция және дезинсекция жүргізуді бақылау; су құбыры желілерін жоспарлы жууды, тазалауды және дезинфекциялауды жүргізу бойынша журналдар жүргізу, актілер жасау;
- Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында санитарлық қорытынды алуға құжаттарды дайындау бойынша жұмыстарды орындау;
- суды пайдалану жөніндегі есептерді дайындау және Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарына тапсыру жөніндегі жұмыстарды орындау;
- Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында арнайы пайдалану бойынша рұқсат алуға құжаттарды дайындау бойынша жұмыстарды орындау;
- кәсіпорын бөлімшелерінде қолданыстағы экологиялық заңнаманың, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нұсқаулықтардың, стандарттар мен нормативтердің сақталуын бақылау өндірістік факторлардың қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін азайтуға ықпал етеді;
- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізудің перспективалық және ағымдағы жоспарларының жобаларын жасау, олардың орындалуын бақылау.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) / орта (техникалық және кәсіптік)
- Мамандығы: Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстары; Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдету және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану (түрлері бойынша); құрылыс (темір жол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс; машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы; Көлік, көлік техникасы және технологиясы; су ресурстары және суды пайдалану; Биолог-эпидемиолог; Гигиенист
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл