"ҚТЖ "ҰК" АҚ "Магистральдық желінің Қарағанды бөлімшесі" филиалы Жаңаарқа жол дистанциясының өндірістік-техникалық бөлім жолының жоғарғы құрылысының материалдарын жинақтаудың өндірістік базасы учаскесінің шебері
Лауазымдық міндеттер:
- Қоймаға қабылдауды, әртүрлі материалдық құндылықтарды өлшеуді, сақтауды және қоймадан беруді жүзеге асырады, кіріс-шығыс құжаттарын ресімдеу және тапсыру қағидаларын сақтауды, белгіленген есептілікті жасауды қамтамасыз етеді;
- талаптарға сәйкес әр түрлі материалдық құндылықтарды қоймадан беруді жүзеге асырады;
- қоймадан материалдарды беруді жүзеге асыру кезінде материалдарды тасымалдауға арналған ілеспе құжаттарды ресімдеу;
- қабылданатын құндылықтардың ілеспе құжаттарға сәйкестігін тексереді;
- жүктерді тиеу, түсіру және оларды қойма ішіне орналастыру бойынша жұмысты басқарады;
- материалдық құндылықтарының сақталуына жауапты.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: Жоғары кәсіптік (техникалық), орта кәсіптік (техникалық).
- Мамандығы: «Темір жолдар құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Темір жолдар құрылысы және пайдалану», Көліктік құрылыс; Көлік, көліктік техника және технологиялары (Көтергіш-көліктік, құрылыс, жол машиналары және жабдықтары).
- Жұмыс тәжірибесі: жоғары білім беру кезінде қызмет бейіні бойынша кемінде 1 жыл / орта (техникалық және кәсіптік) білім беру кезінде қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, тиісті хабарлама күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.