«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Балқаш сигнализация және байланыс дистанциясы байланыс Достық-Мойынты учаскесін дабыл беру, орталықтандыру және бұғаттау құрылғыларына қызмет көрсету жөніндегі бригада учаскесінің бастығы
Лауазымдық міндеттер:
- Дабыл,орталықтандыру және бұғаттау құрылғылары мен жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыру;
- НТД, НҚА нұсқаулықтарда, технологиялық карталарда көрсетілген параметрлерге арналған нормаларға сәйкес жұмыстарды ұйымдастыруды және сапаны бақылауды СЦБ құрылғыларының мазмұнын орындауды қамтамасыз етеді;
- бекітілген жоспарлар кестелер және қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуының алдын алуға бағытталған басқа да ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар бойынша жұмыстарды орындау;
- желілік деңгейдегі ұйымдармен бекітілген қызмет көрсетілетін учаске бойынша қызметтермен өзара іс-қимыл-3 бірлік (ӨЖ-27, Балқаш АЭЖ, ДС. ДСП);
- өз құзыреті шегінде қызмет көрсетілетін учаске шекараларында теміржол учаскелері бойынша поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
- белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық қызмет көрсету жоспарлары-кестелері және басқа да жоспарлар бойынша электромеханиктер мен электромонтерлердің жұмысын ұйымдастырады, байланыс, радиобайланыс, КТСМ құрылғыларының дұрыс және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді;
- СОБ құрылғыларының жай-күйін , электромеханиктер мен электромонтерлердің жұмыстарды орындау және ресімдеу ережелерін сақтауын тексереді;
- күн сайын поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы электромеханиктерге нұсқау жүргізеді, олардың СОБ құрылғыларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын дұрыс орындаудағы білімдерін тексереді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), орта (техникалық және кәсіптік)
- Мамандығы: теміржол көлігіндегі Автоматтандыру және басқару; Теміржол көлігіндегі Радиотехника, электроника және телекоммуникация, Теміржол көлігіндегі Автоматика, телемеханика және байланыс
- Жұмыс тәжірибесі: дабыл және байланыс дистанциясының аға электромеханигі лауазымында кемінде 1 жыл, дабыл және байланыс дистанциясының электромеханигі лауазымында кемінде 3 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.