«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы Қапшағай мамандандырылған көпір жасағының Қапшағай өндірістік учаскесінің инженері (технологы)
- Жұмыстар журналдарының және басқа да бақылау-өндірістік құжаттамалардың (авторлық қадағалау журналы, конструкцияларды сынау туралы актілер және т. б.) уақтылы және дұрыс жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады;
- ИССО жөндеушілері орындайтын барлық құрылыс-монтаждау жұмыстарының және коррозияға қарсы жұмыстардың сапасы мен технологиялық реттілігін, олардың жобаға, құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестігін жүйелі түрде тексереді;
- ай сайын әрбір смета бойынша, орындалған жұмыстардың құны мен нақты көлемі бойынша жинақтау ведомостарын жүргізеді;
- өз учаскесінде күрделі жұмыстар жоспарын орындау бойынша ай сайынғы есеп жасайды;
- рұқсаттарды уақтылы алуға қатысады, оның ішінде: мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының аумақтық органдарында ИССО объектілерінің және жер төсемінің құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге;
- әуе электр беру желілері, байланыс желілері аймағындағы жұмыстарға;
- құрылыс алаңында орналасқан барлық жерасты коммуникацияларының (газ құбыры, кәбіл, кәріз және басқа) схемаларын мердігерге бере отырып, коммуникациялар өтетін орындардағы жұмыстарға; ормандарды кесуге және ағаштарды трансплантациялауға;
- бөлінген алаңда құрылысқа кедергі келтіретін электр берудің магистральдық желілерін, су құбыры, кәріз желілерін, газ құбырларын, байланыс желілерін және басқа да құрылыстарды салу алаңынан ауыстыруға;
- салынып жатқан объектілердің ауа өткізгіштері, газ құбырлары, бу құбырлары, кәріз желілері, кабель желілері және басқа да коммуникациялары желілерін қолданыстағы желілерге қосуға.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), орта-арнайы;
- Мамандығы: темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Көпірлер мен көлік тоннельдері; көлік техникасы мен технологиялары; көтеру-көлік, құрылыс-жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану;
- Жұмыс тәжірибесі: жоғары білім беру кезінде еңбек өтіліне талап қоймай, орта-арнайы білім беру кезінде қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, тиісті хабарлама күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.