"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС - "Қостанай" тасымалдауды ұйымдастыру және шарттары бөлімінің жетекші инженері
Лауазымдық міндеттер:
- "ҚТЖ - Жүк тасымалы"ЖШС станцияларында поездар қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретін коммерциялық ақаулары бар БП бөлімшесінің тиелген вагондарын есепке алу;
- БП бөлімшесінің жүк шаруашылығында поездар қозғалысының қауіпсіздігі бойынша талдау жасау;
- КОО-1 нысанындағы вагондардың бақылау артық салмағы бойынша есеп жасау;
- БП бөлімшесінің жүк шаруашылығындағы поездар қозғалысының қауіпсіздігіне қатысты мәселелер бойынша көліктік бақылау инспекциясын тексеру бойынша талдау материалдарын дайындау;
- БП бөлімшесінің жүк шаруашылығындағы поездар қозғалысының қауіпсіздігіне қатысты мәселелер бойынша көлік прокуратурасының сұрау салулары бойынша талдау материалдарын дайындау;
- поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін коммерциялық ақаулар бойынша "ҚТЖ - Жүк тасымалы" ЖШС станцияларында ағытылған БП бөлімшесінің тиеу вагондары бойынша талдау материалдарын дайындау;
- БП бөлімшесінің жүк шаруашылығында поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іс-шараларды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Темір жол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс, Темір жол көлігіндегі көліктік логистика
- Жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан кем емес, тиісті бөлім инженері және тауар кассирі/жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы лауазымдарында 1 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.