Орталықтандыру, сигнализация және бұғаттау құрылғыларын жөндеу-технологиялық телімінің СОБ электромеханигі
Лауазымдық міндеттер:
1.Поездардың қоғалыс қауіпсіздігінің, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалардың және нұсқаулықтардың, санитардық қағидалар мен нормалардың талаптарын сақтай отырып, СОБ құрылғылары мен жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
2.Қызмет көрсетілетін құрылғыларға арналған техникалық құжаттаманы тізімдеие бойынша және дұрыс күйінде сақтау;
3.Қолданыстағы құрылғылардың техникалық құжаттамаларға сәйкес болуын тексеру;
СОБ құралдарын белгіленген кезеңділікте сәйкес ауыстыру;
4.Штатты өлшем аспаптарын немесе АРМ ШН техникалық диагностикалау және мониторингтеу жүйесінің,микропроцессорлық орталықтандыру жүйесінің мүмкіндіктерін қолдана отырып,СОБ құрылғыларының параметрлерін өлшеу
5.Қарап тексерулер және тексерулер кезінде анықталған СОБ құрылғыларының жұмысындағы кемшіліктерді жою;
6.ПҚН талаптарына сәйкес, СОБ құрылғыларының қалыпты жұмысының бұзылу себебін және оны жойған уақыты жөнінде ДУ-46 журналында жазбаларды ресімдеу және сигнализация және байланыс дистанциясының диспетчеріне хабарлау
Біліктілік талаптары:
Білімі
/арнайы орта/ даярлау курстары
Мамандығы: Теміржол көлігіндегі автоматтандыру және басқару.
Теміржол көлігіндегі радиотехника, электроника және телекоммуникация.
Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс
Еңбек тәжірибесі: сигнализация және байланыс дистанциясында СОБ Электромонтері лауазымында 2 жылдан кем емес
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.