«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Ақтөбе машиналандырылған жол дистанциясы» филиалы директорының орынбасары
- Поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
- Белгіленген тәртіппен поездар қозғалысына байланысты қызметкерлерге нұсқама, білімдерін тексеру, поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар, нұсқаулықтар жүргізу.
- Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нормаларға сәйкес жұмыскерлерді қажетті санитариялық-гигиеналық жағдайлармен, арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен, жуу және дезинфекциялау құралдарымен, медициналық қобдишалармен, сүтпен қамтамасыз етуге бақылау жүргізеді.
- Еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін, өнеркәсіптік, өрт және электр қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі кешенді іс-шаралар Жоспарын, сондай-ақ Ақтөбе БЖМ табиғатты қорғау қызметі жөніндегі іс-шаралар жоспарын қалыптастыруды және іске асыруды бақылауды ұйымдастырады.
- Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізуге және қызметкерлердің еңбек жағдайларын бағалауды айқындауға, қызметкерлерді зиянды өндірістік факторлардан шығару жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге бақылау жүргізеді.
- Мамандандырылған оқу орындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, метрологиялық қамтамасыз ету, электр қауіпсіздігі және экология мәселелері бойынша қызметкерлердің оқудан өтуін және білімін тексеруді қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады.
- Өндірістік жарақаттанудың профилактикасын жүргізу жолымен жұмыс орындарында және технологиялық процестерде өндірістік жарақаттануды және кез келген тәуекелдерді болғызбау жөнінде шаралар қабылдау бойынша бақылауды ұйымдастырады.
- Ақтөбе БЖМ табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру бағдарламасының белгіленген мерзімде орындалуын бақылайды.
- Жол техникасын жөндеу бойынша жылдық өтінім жоспарын, қосалқы бөлшектердің, отын-энергетикалық ресурстардың қажеттілігін, Жол машиналарының жүктеме көлемін жасауды бақылайды.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлерді міндетті, мерзімді медициналық қарап-тексеруді және ауысым алдындағы медициналық куәландыруды жүргізуді ұйымдастыруды, сондай-ақ еңбек жағдайлары өзгерген басқа жұмысқа ауыстыру кезінде не кәсіптік ауру белгілері пайда болған кезде бақылауды қамтамасыз етеді.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Саладағы мамандығы: Құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, Көпірлер мен көлік тоннельдері); Көлік құрылысы; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары).
- Жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.