«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жол диагностикасы орталығы» филиалы дефектограммаларды декодтау бөлімінің менеджері (14 грейд)
Лауазымдық міндеттер:
- Жұмысқа қабылданған кезде менеджерге бекітілген дефектоскоптық құралдарды расшифрлеу жөніндегі нұсқаулықты зерделейді;
- екіжіпті дефектоскоптардың тіркеу құрылғыларынан деректерді серверге уақтылы жүктеуді бақылауды жүзеге асырады;
- дефектограммаларды уақтылы және дәл расшифрлеуге, сондай-ақ аса қауіпті ақаулы рельстерден (АҚАР) келіп түскен сигналдарды анықтауға жауапты болады;
- дефектоскоптық арбалардың және мобильді диагностикалық құралдардың алдыңғы өтулермен салыстырмалы талдауын жүргізіп, АҚАР сигналдарының өсуін анықтайды;
- дефектоскоптық арбалардың жол координаталарынан ауытқуын бақылау мониторингін жүргізеді;
- бақылаусыз қалған жол телімдерін (БЖТ), болтты тесіктерден сигналдардың болмауын, дефектоскоп операторларының рельстерді бақылау технологиясын бұзушылықтарын уақтылы анықтауға және оларды журналға тіркеу мен тиісті дефектоскопия цехына жеделхат жолдауға жауапты болады;
- дефектограммаларды расшифрлеу нәтижелері бойынша дефектоскопия цехының шеберіне Компания мен Филиалдың жергілікті актілерінде белгіленген мерзімдерге сәйкес қайталама тексеру жүргізу жөніндегі жеделхаттарды уақтылы беруге жауапты болады;
- жол дистанциялары бойынша анықталған АҚАР саны мен Бөлім тарапынан расшифрленген телімдердің жалпы көлемін көрсете отырып, апталық, айлық, тоқсандық және жылдық есептерді жасау кезінде деректердің нақтылығын қамтамасыз етуге жауапты болады;
- дефектоскоптық арбалардың өтулерінің жазбаларын серверден жүктеп, дефектограммаларды расшифрлеу үшін пайдаланады және бұл жазбаларды жұмыс компьютерінде кемінде 3 ай сақтайды;
- бекітілген дефектоскоптар жұмыс кестесіне сәйкес рельстерді дефектоскоптармен (тіркеу құрылғыларымен) бақылау нәтижелерін расшифрлеу жоспарын жасайды.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Көтергіш-тасымалдау, құрылыс және жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану; Көлік құрылысы; Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Көтергіш-тасымалдау, құрылыс және жол машиналары мен жабдықтары; Темір жол подвижной құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету.
- Жұмыс өтілі: темір жол саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.