"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Қостанай магистральдық желі бөлімшесі"филиалының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері

385 970 - 399 543 KZT
Костанайская дистанция пути Қостанай облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 5 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
6

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Өндірістік жарақаттардың алдын алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және еңбек жағдайларын одан әрі жақсартуға ықпал ету;
  • жол учаскелерінің басшыларымен бірлесіп өндірістік жарақаттануды талдау және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын әзірлеу және олардың орындалуын бақылау;
  • еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғаларды және қызметкерлердің денсаулығына келтірілген басқа да жарақаттарды тергеп-тексеру және есепке алу ережесін басшылыққа ала отырып, жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге және материалдарды дайындауға қатысу;
  • жол учаскелерінің агрегаттарының санитарлық-техникалық жағдайын аттестациялауды ұйымдастыру және жұмыс орындарын аттестациялау және жаңа техниканы іске қосу жөніндегі комиссияларға қатысу;
  • жеке қорғану құралдарының болуын және пайдаланылуын, сақтау ережелерінің сақталуын және арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарының берілуін, сондай-ақ оларға өтінімдердің дұрыс және уақтылы берілуін тексеру.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және
    телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.