Ақтау халықаралық теңіз сауда порты ҰК "АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары

Зарплата не указана
«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 10 лет Полная занятость, Полный день
Вакансия приостановлена
Создана:

Берілген өтінім:
22

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Өндірістік және операциялық, қаржы-экономикалық қызметке жалпы басшылықты жүзеге асырады;
  • өндірістік саясатты, қолданыстағы өндірісті қайта жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру жолдарын, Қоғамның қаржы-экономикалық қызметін айқындауға байланысты мәселелерді шешу шеңберінде мемлекеттік және уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, "Самұрық-Қазына" АҚ-ның, "ҚТЖ "ҰК" АҚ-ның жергілікті актілеріне сәйкес Жалғыз акционердің, Директорлар кеңесінің және Басқарманың шешімдерін орындау мәселелерін қамтамасыз етеді және үйлестіреді;
  • Қоғамның кірістерін ұлғайту, жүктердің жаңа түрлерінің қосымша көлемін тарту, сондай-ақ Қоғамның құнын және акционердің кірістерін ұлғайту мақсатында даму стратегияларын, саясатын, жоспарларын енгізуді қамтамасыз етеді;
  • Даму стратегиясын іске асыру шеңберінде өз құзыреті шегінде Қоғамның тұрақты дамуы үшін жағдайлар жасау жөніндегі басымдықтарды айқындайды, шешімдер қабылдайды және жұмысты ұйымдастырады;
  • бизнес-процестерді оңтайландыруға, шығындарды үнемдеуге бағытталған іс-шаралардың тиімділігі мен сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдайды;
  • өндірістік қызметтің (операциялық қызметтің және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтің) тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралардың орындалуын бақылайды;
  • жаңа өндірістік қуаттарды құруға, жұмыс істеп тұрған объектілерді дамытуға және жақсартуға, қазіргі заманғы технологияларды енгізуге және өндірістік бизнес-процестерді автоматтандыруға бағытталған Қоғамды дамыту жобаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысты іс-қимылдарды ұйымдастырады және үйлестіреді;
  • корпоративтік басқару, ұйымдық даму және Қоғам қызметінің тиімділігін арттыру саясатын қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді;
    ұйымдық құрылымды оңтайландыру процестеріне жалпы басшылықты және бақылауды жүзеге асырады, жобалық басқару жүйесін дамытуды және үздік басқару практикаларын енгізуді, сатып алу, кадр саясатын қалыптастыру мен іске асыруды, Қоғамның бизнес-процестерін цифрландыру мен автоматтандыруды қамтамасыз етеді;
  • нарықтарды, тарифтік саясатты және клиенттік қатынастарды дамытуды үйлестіреді, кірістер бойынша жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етеді; нарықтық экономиканың өзгеруі жағдайында "АХТСП "ҰК" АҚ-ның маркетингтік саясатын және корпоративтік даму бағытын айқындайды; жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу, көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, қосымша көлемдер тарту және жүк базасын әртараптандыру үшін нарықтық жағдайды негізге ала отырып, маркетингтік тәсілді өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім.
  • Мамандығы: құқықтану; экономика; менеджмент; қаржы; мемлекеттік және жергілікті басқару; маркетинг; көлік, көлік техникасы және технологиялары; логистика; тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану.
  • Жұмыс тәжірибесі: теңіз көлігі, порт қызметі, логистика немесе инфрақұрылымдық жобалар саласындағы қызмет бейіні бойынша кемінде 10 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.