"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Шымкент магистральдық желі бөлімшесі" филиалының қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы

385 970 - 399 543 KZT
Шымкентское отделение магистральной сети Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 2 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
1

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша магистральдық желі бөлімшесіне қозғалыс қауіпсіздігі бойынша жұмысты бақылау;
  • Магистральдық желі бөлімшесі бойынша қозғалыс қауіпсіздігі саласындағы жоспарлар мен мақсаттарды, оларға қол жеткізу тәсілдерін, жолдары мен құралдарын әзірлеу
  • қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйін талдау, қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу себептерін көрсете отырып, жағдайларды саралау және Магистральдық желі бөлімшесі бойынша қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуының алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • Магистральдық желі бөлімшесі бойынша қозғалыс қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қабылданатын іс-шаралар мен іс-қимылдардың, процестер мен жұмыс сапасының нәтижелілігін тұрақты бақылау;
  • өлшенетін көрсеткіштерді, әсер етуші факторларды, олардың себептері мен салдарын, Магистральдық желі бөлімшесі бойынша поездар қозғалысы қауіпсіздігінің нысаналы деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі процестер мен шараларды зерттеу;
  • Магистральдық желі бөлімшесі бойынша нысаналы деңгейге қол жеткізуге және жақсартуға бағытталған шешім қабылдау үшін жинақталған ақпаратты талдау;
  • филиал басшыларын тексеру, есеп беру, тыңдау және т. б. арқылы поездар қозғалысының қауіпсіздігі мәселелеріне тұрақты мониторинг және бақылау;
  • поездар қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға және бұзушылықтардың қайталануына жол бермеуге бағытталған Магистральдық желі бөлімшесі бойынша жүргізілген қысқы кезеңде шаруашылықтарды даярлау жөніндегі іс-шаралардың, көктемгі және күзгі қарап-тексерулердің орындалуын талдау және бақылау;
  • Магистральдық желі бөлімшесі бойынша техникалық құжаттаманың, қозғалыс қауіпсіздігі, техниканы, жабдықты және жылжымалы құрамды ұстау жөніндегі нормативтердің талаптарын әзірлеуге қатысу, сақталуын және орындалуын бақылау;
  • әрбір цехта қозғалыс қауіпсіздігінің деңгейін арттыру бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды, бағдарламаларды қабылдау, Магистральдық желі бөлімшесі бойынша жиынтық іс-шараларды жасау, қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуының алдын алу бойынша бақылау;
  • Магистральдық желі бөлімшесі бойынша поездар қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жұмыс тәжірибесімен алмасу бойынша мектептер, семинарлар өткізуді ұйымдастыру;  
  • Магистральдық желі бөлімшесі бойынша, қозғалыс қауіпсіздігі мәселелері бойынша бөліністе Күзгі және көктемгі комиссиялық тексерулердің нәтижелеріне талдау жүргізу және қатысу, сондай-ақ ескертулерді жоюды бақылау және мониторингтеу; 
  • қозғалыс қауіпсіздігін бұзу жағдайларын тергеуге, поездар қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуде бұзушылықтардың себептерін зерделеуге қатысу және Магистральдық желі бөлімшесі бойынша қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтардың қайталануын болдырмау жөнінде шаралар қабылдайды;
  • темір жолдарда және құрылыстарда технологиялық "терезелерді" жүргізуге қатысу және Магистральдық желі бөлімшесі бойынша темір жолдарда, құрылыстарда жұмыстардың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру;
  • ҰБД тәуекелдерінің тізілімдері мен карталарын жүргізу, қозғалыс қауіпсіздігі саласындағы қатысушы мақсаттарды қалыптастыру және жеткізу, Магистральдық желі бөлімшесі бойынша олардың уақтылы өзектендірілуін бақылау.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары, вагондар); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Автоматтандыру және басқару; құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Электр энергетикасы
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.