Арыс-1 вокзалының вокзал бойынша кезекшісі
Лауазымдық міндеттер:
Өз өкілеттіктері шеңберінде вокзалдың барлық құрылымдық бөлімшелерінің жұмысына жедел басшылық жасау;Белгіленген режимге және техникалық процеске сәйкес жұмыс ауысымы кезінде вокзалдағы барлық қызметтер мен құрылғылардың нақты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
Вокзалдағы жедел жағдаймен танысу, күту залдарында жүрген жолаушыларға ыңғайлы болу үшін барынша қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау;
Біліктілік талаптары:
Білімі: орта (техникалық және кәсіптік), ағылшын тілін Elementary деңгейінен төмен емес деңгейде білуМамандығы: теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету; темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы
Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне қойылатын талаптар жоқ
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.