"Ақтау халықаралық теңіз сауда порты "ҰК" АҚ коммерциялық жұмыс бөлімінің 2 санатты маманы

от 574 675 KZT
«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Без опыта Полная занятость, Полный день Бос орын мүмкіндігі шектеулі үміткерлер үшін қолжетімді
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
40

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • ТОО «Тенгизшевройл» мұнайын қайта тиеу бойынша жергілікті мазмұндағы есептерді, орындалған жұмыстар актілерін GEP SMART жүйесіне толтыруды жүзеге асыру;
  • қоғам көрсеткен қызметтер бойынша тұрақты контейнерлік тасымалдар аясында есептерді қалыптастыру және шығаруды жүзеге асыру;
  • тұрақты контейнерлік тасымалдар аясында импорт/экспортты қайта тиеу, сақтау қызметтері бойынша орындалған жұмыстар актілерін рәсімдеу, оларды ОКР бастығына қол қойдыру, ілеспе хат және тізіммен бірге почта арқылы жіберу, сондай-ақ оларды уақтылы бухгалтерлік есеп және есептілік департаментіне ұсыну;
  • коносаменттердің көшірмелерінен деректерді АСУ СОЛВО жүйесіне енгізу және стандартты жүктің түсіру/тиеу бойынша тапсырмаларды, сондай-ақ жүктің әкелу/шығару бойынша өтінімдерді рәсімдеу;
  • кемені агенттен (тасымалдаушыдан) порт аумағына бос немесе жүк тиелген контейнерлерді, автокөлік құралдарын әкелу өтінімдерін рәсімдеу үшін қажетті түпнұсқа хаттарды алу, тиеу бойынша тапсырмаларды ресімдеу, коносаменттерді жазып беру, манифесттерді шығару.

Біліктілік талаптары:

  • Білім: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: экономика, қаржы, көлік, құқық салалары бойынша.
  • Жұмыс өтілі: еңбек өтіліне талап қойылмайды.

Қосымша талаптар:

  • ҚР «Сауда теңізде жүзу туралы» Заңы; Ақтау портының тарифтер мен төлемдер прейскуранты; халықаралық маңызы бар теңіз порттары, порттық құрылыстар мен порт акваторияларын қоса алғандағы теңіз порттарын пайдалану қағидалары; компьютерлік бағдарламаларды (1С, MS Office және т.б.) тәжірибелі деңгейде меңгеру; Ақтау портының Әдет-ғұрыптар жинағы; теңіз портының міндетті қызметтері тізбесі; корпоративтік басқару негіздері.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.