«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Ақадыр машиналандырылған жол дистанциясы» филиалы Ақадыр машиналандырылған жол дистанциясының (Түркістан учаскесі) директорының орынбасары
Лауазымдық міндеттер:
- Компания мен дирекцияның жергілікті актілеріне сәйкес поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруда негізгі нормативтерді орындайды;
- қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқау беруді, білімін тексеруді жүргізу;
- жол машиналарын, жол техникасын жөндеу мен техникалық қызмет көрсетудің белгіленген көлемін қолдана отырып, теміржол жолын жөндеу және сауықтыру бойынша жоспарлы тапсырмалардың орындалуына бақылау жүргізеді;
- шағын механикаландыру құралдарының, станоктық парк пен жабдықтардың техникалық жай-күйін, оларды пайдалану кезінде анықталған кемшіліктерді жою жөнінде уақтылы шаралар қабылдауды бақылауды ұйымдастырады;
- жол жұмыстары басшыларының жолды күрделі жөндеу бойынша орындау қағидалары мен технологияларын, филиал шегінде аралықтарда және теміржол станцияларында жол жұмыстарын жүргізу кезінде поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтауын тексеруді жүзеге асыру.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, Көпірлер мен көлік тоннельдері); Көлік құрылысы; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары)
- Жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.