"Қазтеміртранс"АҚ бухгалтерлік есеп департаментінің жүк вагондарын бухгалтерлік есепке алу жөніндегі (15 грейд) менеджері
Лауазымдық міндеттер:
- Компанияның жүк вагондарын жоспарлы және ағымдағы жөндеуден кейін металл сынықтары мен қосалқы бөлшектерді алудан түскен кірісті есепке алуда көрсететін бастапқы құжаттар негізінде тауарлық-материалдық қорлардың (металл сынықтары) бухгалтерлік есебін ұйымдастырады және жүргізеді, металл сынықтары мен жарамсыз доңғалақ жинақтарын сатуға электрондық шот-фактуралар береді;
- жоспарлы жөндеу кезінде тұтынушы берген қосалқы бөлшектердің, доңғалақ жинақтарының және ВРД пайдаланатын материалдардың қозғалысы туралы бастапқы құжаттарды өңдейді және есепке алуға қабылдайды; ДР,КР,ДРП,ТОР, запастарды жағына шығару үшін жүкқұжат беру, ЭСФ беру;
- тауарлы-материалдық қорларға түгендеу жүргізеді;
- Компанияның жиынтық балансының функционалдық бағытына ай сайынғы, тоқсандық және жылдық негізде НЛ/НВЛ Базалық есебін жасайды және ұсынады;
- Компанияның жүк вагондарын кескеннен кейін металл сынықтары мен қосалқы бөлшектерді алудан түскен кірісті есепке алуда көрсетеді, электронды шот-фактураларды береді және жүк вагондарын кесуге және металл сынықтарын сатуға жасалған шарттар бойынша салыстыру актісін жасайды;
- тауарлық-материалдық қорларды қабылдау мен шығаруды тіркеудің белгіленген ережелерін сақтайды; электрондық шот-фактуралар және кесу келісімшарттары бойынша салыстыру есептерін дайындау;
- халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес Қоғамның қаржылық есептілігіне аудит жүргізу кезінде тәуелсіз аудиторларды ақпаратпен қамтамасыз етеді;
- бөлшектеуден кейінгі бухгалтерлік есепте қосалқы бөлшектерді көрсетеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары
- Мамандығы: Есеп және аудит; Экономика; Қаржы.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл жұмыс.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.