наладчик

от 338 843 KZT
Актобинская машинизированная дистанция пути Ақтөбе қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Без опыта Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
8

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Өндірісті ұйымдастыруды, оның технологияларын жетілдіру, өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру, ақаулардың алдын алу, барлық түрдегі ресурстарды үнемдеу, стандарттау, метрологиялық қамтамасыз ету және рационализация мәселелері бойынша жұмыстарды жүргізеді. Жол машиналарының жұмыс органдары мен жабдықтарын электр жабдықтарын техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
  • Қозғалтқыш жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
  • Станок агрегаттары мен тораптарының жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
  • Жол машиналары жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
  • Жарықтандыру және сигнал беру жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
  • Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын есепке алу және жоспарлау үшін графиктер мен кестелерді жасау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: орта (техникалық және кәсіптік)
  •  Мамандық саласы: көтергіш-көлік, құрылыс және жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану; теміржол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету
  •  Жұмыс өтілі: еңбек өтіліне талап қойылмайды

Қосымша талаптар:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасы нормалары мен талаптарын, мемлекеттік органдардың актілерін, Жалғыз акционердің және Компания қызметіне қатысты өзге де құжаттардың талаптарын сақтау;
  • Құпиялылық нормалары мен Компанияның жергілікті актілерін бұзбай, сенімді ақпаратты уақтылы ұсыну;
  • Линияға шыққан кезде күн сайын атқарылған жұмыс туралы басшысына баяндама жасау, учаске бастығының өтінімі бойынша машиналардың орналасқан жеріне қарай Қазақстан Республикасының барлық бағыттары бойынша шығу, бекітілген жол машиналарындағы ақауларды анықтау және жою.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.