Ақмола мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің Астана ст. инспекторы
Лауазымдық міндеттер:
- жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;
- қызмет көрсету шекарасында өрттер мен авариялардың себеитерін тексеруге қатысу;
- қызмет көрсету шекарасында оъектілерді, жылжымалы құрамды өрт-техникалық тексеруді жоспарлайды, ұйымдастырады және жүргізеді;
- қызмет көрсетілеті аумақтың шекарасындағы ҚТЖ құрылым бөлімдері мен еншілес ұйымдарында өрт қауіпсіздігінің жай-күйіне талдау жүргізеді, бірлескен кәсіпорын объектілері мен құрамыныңөрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді;
- өзінің құзыреті шегінде өрт қауіпсіздігі саласындағы ҚТЖ жергілікті актілерін әзірлеуге және жаңартуға қатысады;
- жылдық және айлық жоспарларын әзірлейді және оларды бекіту үшін НПОЖ-ға жібереді.
Біліктілік талаптары:
Білімі:Жоғары;
Мамандығы: көлік техникасы мен технологиялары (көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары, вагондар); өрт қауіпсіздігі; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі).
Жалпы жұмыс тәжірибесі: өрт қауіпсіздігі жөніндегі басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл (жоғары), 4 жыл (техникалық немесе кәсіби).
Қосымша талаптар:
- өрт-техникалық тексеру жүргізу, объектілерде және жылжымалы құрамда өрттердің себептерін тергеу, ДК-де, Word, Excel, PowerPoint, ЭҚЖ (электрондық құжат айналымы жүйесі) бағдарламаларында жұмыс істеу.
- Жобалық материалдарға, көлемдік - жоспарлау шешімдеріне, өртке қарсы тосқауылдарға, өрт автоматикасы жүйелеріне, ғимараттардың, құрылыстардың, жылжымалы құрамның электр-техникалық бөлігіне сараптама жүргізуін білген жөн.
- нысандар мен жылжымалы құрамның өрт қауіптілігі тәуекелдерін есептей білу.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.