"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Шалқар станциясы бойынша кезекшісінің жанындағы оператор

от 220 662 KZT
Актобинское отделение магистральной сети Шалқар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Без опыта Полная занятость, Сменный график
Внешний поиск
Временная должность
 

Создана:

Берілген өтінім:
8

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

1) кезекшілікке түскен кезде ДУ-2 нысандағы журналда жазбаны рәсімдейді; 
2) ДУ-58 нысандағы диспетчерлік өкімдер журналын жүргізеді және қажет болған жағдайда қатысты тұлғаларды бұйырқ мәтінімен таныстырады; 
3) ВУ-14 нысандағы кітапты жүргізеді, құрамдар мен жеке вагондарды техникалық тексеруге шығарғаннан кейін, олардың дайындығын қабылдап алады,  кейіннен ВУ-14 кітабына аға қараушының қолын қойдырып, рәсімдейді;
4) ДУ-50, ДУ-54, ДУ-55, ДУ-56, ДУ-64 нысандағы бланкілерде локомотив машинисінің шығу (бағыттық) белгісінің тыйым салушы көрсеткішімен жүруге немесе аралықты иеленуге рұқсатты жеткізеді және т.б.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), орта (техникалық және кәсіптік), орта
  • Мамандығы: Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (темір жол көлігі)
  • Жұмыс өтілі: білімі жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және орта (техникалық және кәсіптік) болса - жұмыс өтіліне талап қойылмайды; білімі орта болса - сигнал берушінің, пойыз, тасымалдау құжаттарын жеткізушінің,вагондарды шығару бойынша оператордың, тасымалдау құжаттарын өңдеу операторының лауазымдарында 2 жылдан кем емес 

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.