«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Түрксіб станциясының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженер-технологы

328 286 - 347 796 KZT
Жамбылское отделение магистральной сети Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 5 лет Полная занятость, Полный день
Вакансия приостановлена
Создана:

Берілген өтінім:
2

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша әдістемелік жұмыстар жүргізеді, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасын бұзу жағдайларын есепке алады, оларды жою бойынша іс-шаралар жасайды;
  • Еңбекті қорғау, Электр қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі талаптарға сәйкес білімін тексеру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады және ұйымдастырады;
  • Өндірістік жарақаттану, кәсіптік және өндірістік-шартты аурулар жағдайларын тергеуге қатысады, түпкі себептерді айқындайды, олардың туындау себептерін жоюға бағытталған түзету іс-әрекеттерін әзірлейді және келіседі, түзету іс-әрекеттерін талдайды және бағалайды; өндірістік жарақаттануға талдау жүргізеді және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі іс шараларды әзірлейді және олардың орындалуын бақылайды;
  • Еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік актілердің сақталуын, қызметкерлерге еңбек жағдайлары бойынша белгіленген жеңілдіктер мен өтемақылар беруді, жұмыс жоспарлары мен кестелерін жасауды бақылауды жүзеге асырады.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Вагондар, Локомотивтер және электр жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Темір жол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); Көлік құрылысы; Машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) Инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы;
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.