"ҚТЖ "ҰК" АҚ "Жаңа жобаларды салу дирекциясы" филиалының жобаларды дамыту және үйлестіру департаментінің (17 грейд) бас менеджері
Лауазымдық міндеттер:
- Жоба іске асырылуы үшін жобалық шешімдерді қарау және келісу, сондай-ақ жобалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жобалық институттар мен мердігер ұйымдардың жұмысын бақылау және үйлестіруді жүзеге асырады;
- авторлық қадағалаумен жұмысты, өндіріс барысында туындайтын өзгерістер мен ұсыныстардың жұмыс құжаттамасына енгізілуін ұйымдастырады;
- жобалар бойынша келіп түсетін сметалық құжаттаманы талдайды, сметалық құжаттаманы уақтылы түзетуді қамтамасыз етеді, жинақтаушы есеп жүргізеді, жобалық және мердігерлік ұйымдармен тұрақты жұмыс жүргізеді;
- қажет болған жағдайда құрылыс барысында туындайтын жобалық шешімдерге енгізілетін өзгерістерді қарау және келісуге қатысады, материалдар, бұйымдар және конструкцияларды (объектілердің сапасын төмендетпей) ауыстыру мәселелерін жедел түрде келіседі;
- өндірістік жоспарларды алдын ала келісу жұмысын жүргізеді (жобалау және жұмыстарды өндірудің күнтізбелік графиктері);
- жобалаушылар әзірлеген ТЭН (ТЭО) мен жобалау-сметалық құжаттаманың ҚНжЕ, техникалық шарттар және Мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;
- жоба шеңберінде сметалық қаржыландыру аясында шығындарды талдау және бақылауды жүргізеді;
- жобалау және жобалау-сметалық құжаттаманы түзету бойынша техникалық тапсырмаларды әзірлеуге қатысады;
- орындалған жұмыстарды қабылдау актілерінің (№2 нысан) және орындалған жұмыстардың құны туралы анықтамалардың (№3 нысан) сәйкестігін тексеру процесіне тікелей қатысады;
- жобалау-іздестіру жұмыстарын жетілдіру және арзандату, құрылыс өндірісін ұйымдастыруды жақсарту, құрылыс жұмыстарының шығындарын қысқарту, сапаны арттыру және олардың орындалу мерзімдерін азайту бойынша жұмысқа қатысады.
- Білімі: жоғары
- Мамандығы: Құрылыс; сәулет; құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру; жол және жол шаруашылығы; жерге орналастыру; Машина жасау; Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар; Электр энергетикасы; Геодезия және картография; Гидротехника; Автоматтандыру және басқару; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі)
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.