"ҚТЖ "ҰК" АҚ "Жаңа жобаларды салу дирекциясы" филиалының жобаларды дамыту және үйлестіру департаментінің (17 грейд) бас менеджері
Лауазымдық міндеттер:
- Жобаны іске асыру барысында энергетика бөлігінде техникалық процестерді әзірлеуге, енгізуге және бақылауға қатыса отырып, техникалық бөлім бойынша тиімді жұмысты қамтамасыз етеді;
- Энергетика бөлігінде құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп жобалау-іздестіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді;
- Энергетика бөлігінде жобалық-сметалық құжаттаманы рәсімдеуді, өндірістік жұмыстарға беруді және оның есебін жүргізуді жүзеге асырады;
- Энергетика бөлігінде жобалық-сметалық құжаттаманың, атқарушылық және нормативтік құжаттаманың жүйелендірілген есебін және сақталуын қамтамасыз етеді;
- Жобаны іске асыру үшін энергетика бөлігінде жобалық құжаттаманы әзірлеу, келісу және жобалық шешімдерді қарастыру бойынша жобалау институттары мен мердігер ұйымдардың жұмысын бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
- Энергетика бөлігінде жұмыстарды орындау барысында туындайтын жұмыс құжаттамасы бойынша авторлық қадағалаумен ұсыныстар мен ескертулерді қарастыру жұмысын ұйымдастырады;
- Энергетика бөлігінде жобалар бойынша келіп түсетін сметалық құжаттаманы талдауды, қажет болған жағдайда жобалық-сметалық құжаттамаға түзетулердің уақтылы енгізілуін жүзеге асырады;
- Энергетика бөлігінде құрылыс барысында туындайтын жобалық шешімдердегі өзгерістерді қарастыруға және келісуге қатысады, қажет болған жағдайда материалдар, бұйымдар мен конструкцияларды (құрылыстың сапасын төмендетпей) ауыстыру мәселелерін жедел шешеді;
- Энергетика бөлігінде жобаны іске асыру барысында өндірістік жоспарларды (жұмыстардың күнтізбелік кестелерін) келісу жұмыстарында қатысады;
- Жобалаушылар әзірлейтін ТЭН, жобалық-сметалық құжаттаманың СНиП-тарға, техникалық шарттарға, мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Құрылыс; машина жасау; Радиотехника, электроника және телекоммуникация; Ақпараттық жүйелер, Электр энергетикасы; Гидротехника; Автоматтандыру және басқару; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; тасымалдауды ұйымдастыру, көлік қозғалысы және пайдалану (темір жол көлігі), Жылу энергетикасы, электр жабдықтарын пайдалану, электрмен жабдықтау, Энергетика, Электр энергетикасы, жаңартылатын энергетика технологиялары, Гидроэнергетика, Жүйелік инженерия, автоматтандырылған электромеханикалық жүйелер, IT-Энергетика.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.