"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "Отын ресурстары орталығы" филиалының логистика Қандыағаш отын қоймасының бухгалтер-кассирі
Лауазымдық міндеттер:
- Мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу бойынша жұмысты орындайды (негізгі құралдарды, қорларды және өзге де активтерді, өнімді өндіруге, сатуға арналған шығындарды, шаруашылық қызмет нәтижелерін есепке алу);
- бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдауды және бақылауды жүзеге асырады және оларды есептік өңдеуге дайындайды;
- бухгалтерлік есеп шоттарында негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың және ақша қаражаттарының қозғалысына байланысты операцияларды көрсетеді;
- ЖЖМ (1331 шот бойынша) қабылдау және өткізумен байланысты бастапқы құжаттарды жабдықтау, қызметтер кешені қызметтері бойынша (УТ және УЭ шоттары бойынша) қабылдауды және өңдеуді жүзеге асырады және оларды есептік өңдеуді жүргізеді;
- қаржылық тәртіпті және ресурстарды ұтымды пайдалануды сақтайды;
- Филиалдың 1С бағдарламасының бухгалтерлік есебінде құжаттардың қозғалысын уақтылы көрсетуді жүзеге асырады;
- ОҚ бойынша материалдық есепті қалыптастыру үшін деректерді салыстырады, жабдықтар және қызметтер кешені қызметтері бойынша ЖЖМ қозғалысы (айналымы) бойынша бухгалтерлік есептің бастапқы құжаттары мен тіркелімдерін жасайды;
- белгіленген мерзімде Филиалдың Орталық аппаратына материалдық есептерді қалыптастырады және тапсырады;
- ОҚ түгендеуге қатысады;
- ауысым кестесін жүргізуге және рәсімдеуге жауапты;
- ОҚ жұмыскерлерінің жұмыс уақытын есепке алу табелін жасайды;
- ОҚ жұмыскерлерінің кадрлық құжаттарының есебін жүргізеді;
- ОҚ жұмыскерлерін қабылдау, жұмыстан шығару және ауыстыру кезінде құжаттарды жинауды және өңдеуді жүзеге асырады;
- жұмыскерлерді кадр қызметінің бұйрықтарымен, шарттарымен, қосымша және өзге де құжаттарымен таныстырады;
- Адам ресурстарын басқару департаментінің (кадр қызметінің) сұрау салуы бойынша жұмыскерлердің жеке деректері туралы ақпарат жинауды жүзеге асырады;
- ОҚ жұмыскерлерінің әскери есебін жүргізеді;
- ОҚ жұмыскерлерінің демалыс кестесін жасайды, сондай-ақ демалыс кестесінің сақталуына мониторинг жүргізеді;
- құжаттарды уақтылы жібереді және кіріс және шығыс хат-хабарларды талдайды.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: экономика, бухгалтерлік есеп және аудит, қаржы және несие.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша 2 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.