"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Қызылорда жол дистанциясының бас инженері
Лауазымдық міндеттер:
- Өтпелерді, жол және сигнал белгілерін ағымдағы ұстау мен жөндеуді қамтамасыз ету;
- лубрикаторлардың жұмысын және техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асыруға;
- жол дистанциясы базасында инновациялық технологиялардың енгізілуіне қатысуға және бақылау жүргізуге;
- құрылыстарды (көпірлерді, құбырларды, ғимараттарды, машиналарды, механизмдерді және т.б.) және жайластыруларды көктемгі, күзгі тексеруді, нақты тексеруді ұйымдастыру және жүргізу, жол дистанциясы учаскелері басшыларының техникалық құжаттаманы жүргізуін тексеру, техникалық құралдардың сенімділігін арттыру, жол дистанциясында еңбек тәртібін нығайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
- қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық құралдардың (үздіксіз автоматты локомотивтік сигнал беру, бақылау-габариттік құрылғылар, бөлшектердің сүйретілуін және поездардағы жылжымалы құрамның түсуін анықтау құрылғылары және т.б.) жұмысын, рельс тізбектерінің, жол дистанциясындағы өтпелердің тиісті жай-күйін талдау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық құралдар жұмысының сенімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
- инженерлік-техникалық қызметкерлермен, учаскелер бастықтарымен және бастықтарының орынбасарларымен, жол шеберлерімен, жол бригадирлерімен, дефектоскопты арбалар операторларымен, өтпелер бойынша кезекшілермен, жол монтерларымен техникалық оқудың жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру, жол дистанциясы кадрларының біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету, қызметкерлермен оқу полигондарын, макеттер мен тренажерлерді пайдалана отырып техникалық сабақтар өткізу;
- түйіссіз жолдың рельс торларының жай-күйіне жаппай ревизия жүргізу, жол қашықтығының қисық жол учаскелерін келтіру бойынша есептеулер жүргізу, анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылау;
- дефектоскопия цехының жұмысын ұйымдастыру, рельстердің, дәнекерлеу жіктерінің жай-күйін тексеру мерзімділігінің сақталуын бақылау, рельстердің ақаулығы бойынша шығуын талдау, рельс шаруашылығының жай-күйін бақылаудың сенімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
- пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің, техникалық құралдар жұмысының бұзылу жағдайларын тергеп-тексеруді, қар басу, тасқын және нөсер суларын өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуді жүзеге асыру;
- еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі қоғамдық инспекторлардың жұмысын, жаппай кәсіп кадрларын техникалық және экологиялық оқытуды бақылау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Сала мамандығы: Құрылыс (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, Көпірлер және көлік тоннелі); Көлік құрылысы; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Көтергіш-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары);
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде 3 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.