"ҚТЖ- Жүк тасымалы» ЖШС - "ЖТ Ақмола бөлімшесі" филиалы Тайынша 2-класс станциясының жүк пен багажды қабылдап тапсырушысы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- 8 сағат 45 минутта және 20 сағат 45 минутта кезекшілікке келе отырып, ауысымға арналған жұмыс жоспарымен, жолдардағы жағдаймен, келіп түскен жеделхаттармен танысу үшін және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқама алу үшін планерлік кеңестерге қатысуға міндетті
- Ол қызмет көрсететін учаскедегі Ережемен танысу, р/жолға берілген және станция жолдарында тоқтап тұрған вагондарға құжаттармен қамтылуының бар болуын және толықтығын тексеру ( вагон парақтары, жалпы нысандағы актілер, вагондарды беру және жинау жадынамалары, ГУ-46 ведомостары және т.б.).
- Жергілікті түсіруге келген вагондарға арналған барлық есепке алу құжаттарын (вагон парақтары, жалпы нысандағы актілер, ГУ-45 жадынамалары, ГУ-46 ведомостары), ілеспе станциялардың жалпы нысандағы актілерін қабылдау бойынша бақылауды жүргізеді, ГУ-78, ГУ-36, ГУ-34, ГУ-2. Сондай-ақ жүк алушы-жөнелтушілердің одан әрі таксилеу және есептеу үшін вагондарды беру және жинау туралы жадынамалар мен ведомостардың, жалпы нысандағы актілердің тауар кассасына уақтылы тапсырылуын бақылайды
- Жүк тиелген вагондарды және бос вагондарды ф.ВУ-14 журналына жазумен коммерциялық тұрғыдан тиеуге тапсыру, тиісті құжаттарды ресімдеу, сондай-ақ оларды түсіргеннен және тиегеннен кейін қабылдау
- Жөнелтушілер мен алушылардың сақталуын бақылау Жүктерді тиеу мен бекітудің техникалық шарттары, СМЖС, ППГ-ға 3-қосымша
- Вагондардың жүк көтергіштігі мен сыйымдылығының толық пайдаланылуын, кірме жолдардағы вагондардың тоқтап қалу нормаларының орындалуын бақылау
- Вагон парақтарының, жалпы нысандағы актілердің, вагондарды беру және жинау жадынамаларының, вагондарды беру және жинау ведомостарының және басқа да құжаттардың жүктерді тасымалдау қағидаларының ережелерін ескере отырып, сапалы және уақтылы ресімделуін бақылау
- Ауысымдағы жүк пен багажды қабылдап-тапсырушылардың жұмысын ұйымдастырады және бақылайды
- Жауапты жүк алушылардың т.а. ә, т. а. ә, телефондары мен хабарлау уақыты, анық емес алушымен бірге вагондардың келуі бойынша жөнелту станциясына жедел хабарлау үшін жалпы нысандағы актіні уақтылы ресімдейді
- Станциядағы жүк жұмысының орындалуы мен жағдайының есебін жүргізеді, станция басшылығына, НОДГП-1 жедел қызметкерлеріне жергілікті жүк жұмысының орындалуы туралы баяндайды
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары, орта (кәсіби және техникалық), орташаМамандығы: теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару, коммерциялық қызмет (теміржол көлігі), көлік, көлік технркасы және технологиялары
Жұмыс тәжірибесі: жоғары және орта (кәсіби және техникалық) еңбек өтіліне талап қойылмай, орташа: поездарды қабылдаушы лауазымында кемінде 3 жыл, оның ішінде 2 жыл