Ақтоғай локомотив пайдалану депосының Бескөл бекеті бойынша локомотив бригадаларының машинист-нұскаушысы
Лауазымдық міндеттер:
1) өз жұмысын жұмыс уақытының 70% желіде және 30% кәсіпорында болатынын ескеріп ұйымдастыруға;2) өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде белгіленген үлгідегі нысанды киімде болуға, ұқыпты киінуі, жұмыс бойынша әріптестермен және сабақтас қызметтер қызметкерлерімен, сондай-ақ теміржол көлігінің қызметтерін пайдаланатын адамдармен қарым-қатынас кезінде сыпайы және көңіл тапқыш қатынаста болуға;
3) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес алдағы айға машинист-нұсқаушы жұмысының жоспар-графигін жасауға, содан кейін оны кәсіпорын басшысына бекіту үшін ұсынуға;
4) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес Машинист-нұсқаушының жылдық жұмысының планшетін жүргізуге;
5) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес Машинист-нұсқаушының жұмыс уақытын есепке алу журналын жүргізуге;
6) жолға шығу алдында әртүрлі байланыс құралдарын пайдалана отырып, кәсіпорын бойынша кезекшіге шығу уақыты мен мақсаты туралы хабарлауға;
7) кәсіптік оқытудан өту арқылы өзінің техникалық білімін арттыруға;
8) бекітілген жоспарға сәйкес машинистермен және машинист көмекшілерімен айына кем дегенде екі теориялық сабақ, соның ішінде лауазымы бойынша бірінші қыс жұмыс істейтіндермен бір сабақ өткізуге;
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.